Кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіруді көздейтін заң қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы отырыста заң жобасы туралы баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, құжатта 14 кодекс пен 109 заңға мыңға жуық түзету енгізу көзделген. Жобада мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалау, ақпараттық құралдарды реттеу, табиғи монополиялар субъектілері және квазимемлекеттік сектор көрсететін міндетті қызметтерді реформалау, бизнес шығындарын түбегейлі төмендету, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау және алып тастау, баға мен тарифтік сөзбайласуларды анықтау және жолын кесу тетігін жетілдіру, Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінде позицияларын жақсарту бағыттары қарастырылған.

«Заң жобасын қабылдау Қазақстанды жоспарлы дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Себебі, бизнестің әкімшілік және басқа шығындарын қысқартуға, барынша айқын бизнес-ортаны қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік бастаманы дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді», - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің атап өтуінше, келешекте пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер де қалып отыр. Ол кейбір кәсіпкерлік реттеу салаларына қатысты.
null 

«Бұл мәселелер, әрине, сіздер берген ұсыныстарды ескере отырып қайта қаралады және жан-жақты пысықталады. Бірлескен жүмыстың арқасында бұл заң жобасының қабылдануы қолайлы бизнес-климатты құру және кәсіпкерлік бастаманы даму үшін маңызды қадам болып, зор септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Сенат депутаттары заң жобасын екі оқылымда талқылап, қабылдады.

Соңғы жаңалықтар