Кәсіпкерлер үшін электр энергиясын арзандатудың құқықтық тетіктері енгізіледі - Нығматулин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер үшін электр энергиясын арзандатудың құқықтық тетіктері енгізіледі.

Бұл туралы бүгін  "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Электр энергиясы туралы заң жобасын жасақтау барысында "Атамекен" ҰКП-мен тығыз қарым-қатынас жасадық. Қазір ол заң жобасы қолымызда және екінші оқылымда талқыланатын болады. Салалық Комитетпен талқылау барысында біз көптеген проблемалардың шешімін беретін құқықтық тетік ойлап таптық. Ол - энергия тасымалдағыш компанияларды ірілендіру. Осылайша, электр энергиясының құны кәсіпкерлер үшін де, xалық үшін де арзандай түседі", - деді Н. Нығматулин.

Спикердің атап өткеніндей, электр энергиясына кететін шығындар бизнестің ең салмақты шығындарының бірі.

Фракция отырысының жұмысына "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысуда.

Соңғы жаңалықтар