Кәсіпкерлер арнайы портал арқылы ЕАЭО-дағы кедергілерге қатысты арыз түсіре алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар және ішкі нарықтар жөніндегі алқаның мүшесі (министр) Карина Минасянға Ресей нарығындағы кедергілер бойынша шағымданды. Өткен жылы осы алқаны құрамында ішкі кедергілерге қатысты бөлек департамент ашылған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Минасянның айтуынша, бұған дейін комиссияда ішкі кедергілер мәселесі көп қаралған жоқ. Өткен жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссиясына өз үндеуін жолдап, одақ аясындағы тауарлар мен қызметтерді кедергісіз тасымалдау проблемасын көтергеннен кейін комиссияның құрамында арнайы департамент құрылды. Сөйтіп, ішкі кедергілер бойынша департамент жасақталып, арнайы министр тағайындалды. «Біздің негізгі жұмысымыз - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес келмейтін ұлтттық заңнамалардың тетіктерін анықтау. Ол - бір. Екіншіден, өзара сауда мен интеграцияның қалтарыстарын анықтап, бизнесті жүргізуге кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауымыз қажет. Иә, заңнама жағынан ретке келтіретін түйткілдер аз емес. Өткен жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі мынандай шешімге келді. Егер одақ ережелері мен оған мүше елдердің мемлекеттік органдарының қызметі арасында бір алшақтық болса, онда біз бірден жұмысқа кірісіп, оның бәрін сәйкестендіруге күш саламыз. Егер жергілікті жерде өзара интеграция шаралары дұрыс атқарылмаса, онда біз биылдан бастап арнайы жол карталарын әзірлеп, ортақ заңнама базасын енгізуміз керек. Сондықтан біріміз қалмай, ортақ іске атсалысумыз қажет», - дейді Минасян.

Осы орайда алқа мүшелері одақ ішіндегі кедергілер жайында ақпарат беруге мүмкіндік беретін barriers.eaeunion.org қосымшасын таныстырды. Аталған портал арқылы бизнес кедергілер туралы шұғыл xабар беруге болады.

Бүгінгі отырыста қазақстандық кәсіпкерлер азық-түлік, көмір және тағы басқа шикізатты тасымалдау кезіндегі Ресей жерінде болатын кедергілер мәселесін көтеріп, алқа мүшесі Карина Минасянға арызданды. Ол өз кезегінде барлық арыз-шағымдарды жинақтап алғаннан кейін үкімет деңгейінде көтеруге кеңес берді.
Айта кетек, қаңтардың 24-і күні өткен Үкімет отырысында да Ресей порттарындағы қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты дискриминация жасау мәселесі көтерілді. Сол кезде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бішкек қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің күн тәртібіне енгізуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар