Кәсіпкер көше тазалайтын қызметкерлерге тегін шәй таратып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдетте, күз аяғы таяса, қылышын сүйретіп, қыс та жететінін білетін Астана тұрғындары биылғы қарашада қырық градустық аяз түсетінін күтпеген еді.

Ал, осы уақта күздің күні әлі суытпайтын Алматыға қараша қалың қарды бірақ жапты. Жалпы, бұл екі қала ғана емес, Қазақстанның басым  бөлігі қазір ауа райының қолайсыздығынан әбігерге түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар саны көп, аумағы үлкен Алматы мен Астананың коммуналдық қызметтері қар тазалап, мұз қырып үлгере алмай жатыр. Қар күрейтін техника мен талай автобус аязға шыдамай, тоқтап қалды. Ендеше, қолдарынан күрек түспей, күні-түні көше тазалап, қар тазалайтын адамдардың жағдайын ойлай беріңіз...

Міне, осындай қызметкерлердің жағдайын ойлаған кәсіпкер екі қалада тегін шәй мен ыстық тамақ таратуды қолға алды.
null  

«Кеше жауған қар таңғажайып болды. Қаланың ауасы тазарып, балалар мәз-мейрам күйге түсті. Алайда, бұл күн коммуналдық қызмет үшін ауырға соғып отыр. Ссебебі, қар әлі басылмағандықтан, қала көшелерін тазалап үлгере алмауда. Әрине, әдеттегідей, коммуналдық қызметтің жұмысын сынай кетуге болар ед. Алайда, қарашада Алматыда мұнша қар жауады деп ешкім де ойламаған еді.

 Біз, мейрамханадағы әріптестерімізбен бірге күні-түні қала көшелерін қардан тазалап жүрген осы жұмысшыларды қолдайық деп отырмыз. Бүгіннен бастап біз оларға (әзірге 200 адамға, ал, жалпы қалада 2 мыңнан аса жұмысшы бар дейді) ыстық тамақ пен ыстық шәй тасып береміз. Бұл жоспарламаған шара болғандықтан, ыстық шәй құятын термостар жетіспей жатыр. Егер де сіздің үйде термос болса, бірнеше күнге бере тұрыңыз,  затыңызды бүлдірмей, өзіңізге қайтарамыз. Бұл шараны «тегін пиар» деп ойламаңыздар, сел жүрген кезде жұмысшыларға көмектескенде әлеуметтік желі арқылы хабарландыру бермеген едік. Сондықтан, халықты хабарландырып, көмек сұрау тиімді екен, соған көзіміз жетті. Күндеріңіз сәтті өтсін», - деп жазған Rumi Group мейрамханалар желісінің басқарушы әріптесі Қуаныш Шонбай.

Бұл мейрамханалар желісінің Астанадағы нүктесі де осындай акция өткізіп, елорданың қатты аязында далада жүретін коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық тамақ пен ыстық шәй таратып жүр.

null 

Соңғы жаңалықтар