Кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыда 10 кітап сөресін орнатуға уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен «Bolashak Books» кітап сөресінің тұсаукесерінде қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов Алматыда өз компаниясының қаржысына 10 бірдей кітап сөресін орнатуға уәде берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Көп оқитын адам ең сүйікті кітабым осы деп айта алмайтын секілді. Маған қазақ әдебиетінің классиктерінің туындылары ұнайды. Екіншіден, бизнес туралы жазылған кітаптарды оқуға тырысамын. Бизнеске қатысы болмаса, қазіргі жазушыларды шынымды айтсам көп оқымаймын», - дейді Қайрат Құдайберген.
null 

Кәсіпкер сондай-ақ, өзінің ТОП-5 кітаптарын атады. Ол құмартып оқитын туындылардың бестігін Теодор Драйзердің трилогиясы, Айзексон Уолтердің «Стив Джобс», Айн Рэндтің «Атлант құлашын жаяды», Роберт Гриннің «Биліктің 48 заңы» мен Олег Тиньковтың «Қалай бизнесмен болуға болады» туындылары құрайды екен.

«Жастарға бизнеспен айналысыңдар дегім келеді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматыға дәл осындай «Bolashak Books» кітап сөресінің онын Алматыға орнатуды қолға аламын», - деп түйді Қайрат Құдайберген.

Еске сала кетсек, Астанадағы «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде «Bolashak Books» жобасының тұсакесері өтті. Ұйымдастырушылар осындай тың мазмұндағы жобамен елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуды көздеп отыр. Демек, кез келген қаладағы тұрғындар сауда орталықтарындағы «Bolashak Books» шкафтарынан өзіне ұнаған кітаптарды ала алады.
null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар