Кәсіпкер әйелді ұрлап, ақша бопсалаған қарағандылық 12 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Грузияның тумасы, Қарағанды облысының тұрғыны Шота Джавахишвили Теміртауда кәсіпкерді ұрлап, ақша бопсалағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тергеу барысына Бас прокуратура араласқаннан кейін аталмыш іс жұртшылық назарына іліккен болатын. Қадағалау органы Теміртау прокуратурасының жұмысын тексеріп, өңірлік алқаның тергеу барысын ұзаққа созғанын анықтаған. Зардап шеккен кәсіпкер үш жыл бойы күдіктілерді қамата алмай, істі сотқа өткізе алмай келген. Бұрынғы басшылық бірқатар бұзушылықтар үшін отставкаға кетті.
null 

Прокуратураның жаңа басшысы Арман Аханов істі өз бақылауына алып, аталмыш істі сотқа жіберген. «23 жастағы айыпталушы бес бап бойынша - ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы «Адам ұрлау», 192-баптың 2-тармағы «қылмыстық топпен қарақшылық жасау», 194-баптың 3-тармағы «Қорқытып алу», 200-баптың 4-тармағы «Автомобильді заңсыз иелену» және 251-баптың 1-тармағы «Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру» бойынша кінәлі деп танылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айыпталушы Шота Джавахишвили қатаң режімдегі түзету колониясында 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Шота Джавахишвилидің үш сыбайласы болғаны анықталды. Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде, оларға жеке өндіріс бөлінді. Сотталушының көрсеткен үшінші болжалды қылмыскері - Мейрам Алпысбаев. Бұрын хабарланғандай, тергеуші Алпысбаевтың өзін тергей алмады, себебі ол кәсіпкерге қастандық жасалған түні өлі күйінде табылған еді.  
Сот материалдары бойынша, Шота Джавахишвили, Мейрам Алпысбаев және олардың тағы екі сыбайласы кәсіпкер әйелді көлігін тұраққа қойып, үйіне беттегенде ұрлап әкеткен . Әйелді орманға апарып, соққыға жыққан және ірі көлемде ақша талап еткен. Оның алтын әшекейлерін шешіп алып, әмиянындағы ақшаны да иемденген және әйелді жүксалғышқа салған. Ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында кәсіпкердің пәтеріне барған қаскөйлер үйге кіре алмады. Кәсіпкердің кішкентай қызы оларға есікті ашпаған. Қылмыскерлерлер өздерін полициямыз деп таныстырған. Алайда, қыз өз анасының танысына хабарласқанда, қаскөйлер ізін суытқан. Сол арада кәсіпкер әйел жүксалғыштан шығып, жолай тоқтаған көлікпен жақын маңдағы полиция бөліміне жеткен. 

null 

Соңғы жаңалықтар