Қашып жүрген шымкенттік алаяқ Астанада қолға түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алаяқтық жасап, қашып жүрген күдікті Астана қаласынан ұсталды. Түркістан қаласының 27 жастағы тұрғыны әзірге 6 жайтқа қатысы бар екені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Әл-Фараби полиция бөліміне Қазығұрт ауданының тұрғындары  арызданған. Олардың сөзінше, бір жігіт жұртты Астана қаласына құрылысқа жұмысқа  орналастырып  беремін  деп ақшаларын алып, қашып кеткен. Оны содан бері таба алмапты. Тәртіп сақшылары  жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізу нәтижесінде Астана қаласынан күдіктіні ұстады. Тергеу барысында белгілі болғандай, Түркістан қаласының тумасы жәбірленушілерді жұмысқа кіргіземін деп, әрқайсысынан  70 мың теңгеден алыпты. Ол қаражаттарды өзінің есепшотына аударуын сұраған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық  жолмен алты адамды алдап, жарты миллион теңгеге жуық шығын келтіргенін анықтады.

Қазіргі таңда аталған  жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-шы «Алаяқтық» бабы  бойынша іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар