Қашағанның арқасында елімізде кеме құрылысы дамуда - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуге инвесторлар, отандық және шетел мұнай-газ компанияларының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты. Мемлекет басшысы мұнай-газ индустриясының ел экономикасын дамытуда және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуда ерекше маңызы барын атап өтті.

 «Қашаған кен орнының ашылуы әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең ерекше оқиға болды. Оның қоры 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейін мұнай және 3 трлн текше метр газға бағалануда. Қашаған қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда ірі жобалардың бірі болып табылады. Баршаңызды кен орнының іске қосылуымен құттықтаймын», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік-Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастыққа және ашық әріптестікке   мысал болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар