Қашағандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 300 мың баррельге жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Қашаған теңіз кенішіндегі мұнай өндіру көлемі тәулігіне 300 мың баррельге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Қашаған кенішін игеруге қатысушылардың бірі, италиялық ENI компаниясының топ-менеджерлерімен кездесуі барысында мәлім болды.

«Астанада біз энергетика министрімен кездесіп, алдағы уақытта Қашаған кенішінде атқарыулы тиіс жұмыстардың жоспарын талқыладық. Қазіргі таңда игеру шаралары жоспарға сай жүріп жатыр. Қашағандағы тәулік бойына игерілетін көлем тәулігіне 300 мың баррельге жетті. Ілеспе газды жағу үшін әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылуда», -деді ENI компаниясының барлау жөніндегі операциялық директоры Антонио Велла.

Оның сөзінше, қазіргі таңда кеніште мұнай өндіру шараларын жетілдіру бағытындағы жұмыстар қолға алынуда.

«Ең бастысы кенішті игеру барысында жобаның экологиялық құрамы мен Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңдарын сақтау керек. Сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді көрсету барысында жергілікті қамтуды назарға алып, жергілікті кадраларды жұмыспен қамтуды есте ұстаған жөн»,-дед Н.Ноғаев.

Айта кетейік, осыған дейін 2018 жылы Қашаған кенішінде 10 млн тонна мұнай өндірілу қажеттігі туралы айтылған болатын. Биылғы жылдың соңына дейін тәулігіне 370 мың баррельге дейін мұнай өндіру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар