Қашаған кен орнында 6 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) компаниясы игеріп жатқан Қашаған теңіз кен орнында алты миллион тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 жылдың 28 қыркүйегінде НКОК компаниясы А. аралындағы алғашқы ұңғымаларды қайта іске қосу жұмыстарын жүргізді. Осы уақыт аралығында компания 6 млн тонна мұнай өндірді. Жүйенің жүктемесі болжамды көрсеткіштерден асып түсуде.

Онымен қоса, Қашаған кен орнында игеру жүйелерін пайдалану кезеңі ішінде 1,7 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Ол «ҚазТрансГаз» құбыр желісі бойынша экспортқа жөнелтілді», - деп мәлім етті «ҚазАқпарат» ХАА-ның сауалына жауап берген компанияның баспасөз қызметінен.

 

 

Соңғы жаңалықтар