KASE : Теңге нығайып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы  (KASE) сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы 1 долларға 321,15 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма  күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,61 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 320,65 теңге, ал ең жоғарғысы 322,2 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 59,95 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 322,76 теңге, күндізгі сессияда - 322,69 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 322,72 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 154 млн долларды құрады.

 

Соңғы жаңалықтар