KASE: Теңге нығайып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 322,45 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 2,28 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 322,09 теңге, ал ең жоғарысы 323,6 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 86,35 млн долларға жетті.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 324,73 теңге, күндізгі сессияда - 323,47 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 324,21 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 326,65 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар