KASE: Теңге бағамы нығая түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы 327,4 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда,  доллар бағамы 0,65 теңгеге құлдыраған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 327,13 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 328,1 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 105,15  млн долларды құраған.

Сейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 328,05  теңге, күндізгі сессияда 327,54 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 327,89 теңге болған. Сауда көлемі 311,8 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар