KASE: Доллар құны өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 335,95 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттық бойынша доллар бағамы 1,15  теңгеге өскен. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 335,7 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс - 336,01 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 48,2 млн долларды құраған. 

Жұма күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 334,8 теңге, күндізгі сессияда 335,4  теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 335,24  теңге болған. Кешегі күнгі жалпы сауда көлемі 180,85 млн долларды құраған. 

Соңғы жаңалықтар