KASE: Доллар бағамы төмендеп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 339,22 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1,49 теңгеге төмендеді. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 338,9 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 340 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 33,85 млн долларды құраған. Бейсенбі күні доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 340,71 теңге, күндізгі сессияда 340,08 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 340,35 теңге болған. Сондай-ақ, сауда көлемі сәйкесінше 56,15 млн долларды, 77,2 млн долларды, 133,35 млн долларды құраған.   

Соңғы жаңалықтар