KASE: Доллар бағамы өсіп барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 342,21 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ке сілтеме жасап.

 Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, доллар бағамы  0,94 теңгеге артты. Сессия барысында төменгі көрсеткіште 1 доллардың бағамы 341,95 теңге, ал, жоғарысы - 342,35 теңге. Сауда-саттық көлемі 40,95 млн долларды құрайды. Дүйсенбі күні KASE-тегі сауда-саттықтың таңертеңгі сессиясының нәтижесі бойынша 1 доллар 341,27 теңгені, күндізгі сессияда - 341,22 теңгені құрады, екі сессия қорытындысы - 341,24 теңге. 

Соңғы жаңалықтар