KASE: Доллар 332 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 доллардың орташа бағамы 332,29 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,25 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 332 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 332,38 теңгені көрсеткен.

Сауда көлемі 50 млн доллар.

Айта кетейік, бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 332,54 теңге, күндізгі сессияда - 332,28 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,38 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 126 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар