KASE: АҚШ доллары бір апта ішінде 9,45 теңгеге арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір АҚШ долларына 334,20 теңгені құрады. Сауда-саттық көлемі - 132 500 мың АҚШ долларына жетті.

- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер

  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде

  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,21 теңге (-0,04 теңге) болды, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 170 000 мың (-128 600 мың USD) болды.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Айта кетейік, өткен жұма күні, 6 қазанда, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,66 теңге болған еді. 

Соңғы жаңалықтар