Қасақана кісі өлтіріп, қарақшылық жасаған Өзбекстан азаматы экстрадицияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 13-ші наурызы күні Астана қаласы аумағында Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97 бабының 2 бөлігімен (қасақана кісі өлтіру), 164 бабының 4 бөлігімен (қарақшылық) іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының аз. «К» ұсталды, деп хабарлады бүгін Астана қаласының прокуратурасы.

Прокурордың өтініші негізінде Алматы ауданының №2-ші соты ұсталған азаматқа қатысты экстрадициялық қамауға алу шарасын қолданды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 22.01.1993 жылғы Минск Конвенциясына сәйкес, Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының азамат «К-ны» беру туралы сұранысын қанағаттандырды.

17.06.2017 жылы азамат «К» Өзбекстан Республикасына беру үшін Алматы қаласына әкетілді.

Соңғы жаңалықтар