Қаржының жоқтығы Павлодар панкратионшыларының жолын байлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық панкратионшылар «қолдың қысқалығына» байланысты ҚР чемпионаттарына қатысу мүмкіндігінен қағылып отыр. 

Бұл туралы жекпе-жек айқастардың панкратион жəне грэпплинг бойынша Павлодар облыстық федерациясының президенті Алтынбек Рысжанов мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

  - Күні кеше Павлодарда панкратионнан балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында облыстық чемпионат өтті. Оған 10 команданы құраған 200-ге тарта спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте 21 алтын медаль ұтып алған Ақсу құрамасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 18 алтынды еншілеген павлоларлық «Абылай» клубы жайғасты. Алты алтын алған тағы бір павлоларлық «Алмаз» клубы үштікті қортындылады, - деді Алтынбек Рысжанов. Ең жас спортшылар небәрі 10-11-де, олар ең жеңіл 29 келі салмақта күш сынасты. Ең ауыр салмақ 100-ден жоғары. Жалпы, панкратионшылар 43 салмақ дәрежесінде өзара үздіктерді анықтады.

 - Жуық арада ересектер арасында Қызылорда қаласында және балалар, жасөспірімдер арасында Қарағанды қаласында республикалық чемпионат өтеді. Одан жеңімпаз атанғандар әлемдік жарысқа жолдама алады. Өкінішке орай, павлодарлық спортшылардың барлығы ел біріншілігіне қатыса алмайды, қаржы жоқ. Ересектерге бір адамға 40 мың, балаларға 20 мың теңгедей керек. Соның салдарынан тек 30-ға тарта спортшымыз сайысқа баруы мүмкін, көбі қатыса алмайды. Бізде талантты жастар аз емес, - деп түсіндірді федерация президенті.

Айта кетейік, облыста панкратион спортымен шұғылданатын жастар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл жарысқа 120-ға тарта жас қатысқан еді. 

Соңғы жаңалықтар