Қаржыны игермеген алты министрліктің тізімі жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржының игерілмеуінің қомақты сомасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2016 жылы шығыстар 8 трлн 501 млрд теңгеге атқарылып, 98,3 пайызға игерілді.

«Игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты:  Қорғаныс министрлігі - 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі - 1,2 млрд теңге;  Білім және ғылым министрлігі - 1 млрд теңге;  Сыртқы істер министрлігі - 920,2 млн теңге; Ауыл шаруашылық министерлігі - 870,2 млн .теңге; Әділет министрдігі - 759 млн теңге.  Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады», - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырылым барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаражаттың квазимемлекеттік сектордың қазынашылық шоттарындағы қалдықтары 14,5 млрд теңгені құрады. Бұл сома 2015 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайды.

Соңғы жаңалықтар