Қаржы орталықтарының халықаралық рейтингінде Алматы Мәскеуді артқа тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы орталықтарының халықаралық рейтингінде Алматы, Таллин және Рига Мәскеуден біршама озды. Бұл туралы сейсенбіде РБК хабарлады.

Мәскеу Z/Yen Group (Long Finance бағдарламасы) лондондық консалтингтік фирма нұсқасы бойынша жаһандық қаржы орталықтарының жыл сайынғы рэнкингінде 84-ші орынға ие болды. Ол 17 сатыға төмендеп, тізімнің соңына сырғыды. Тек  Санкт-Петербор, Багама және Афиныдан ғана алда тұр. Тізімде ең көп ұпай жоғалтқаны да Мәскеу.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия қаржы орталықтарының арасында Мәскеу Алматы, Таллин және Ригадан қалып қойды. Бұл қалалар өткен жылы ресейлік астанадан төмен тұрған.

Рейтингтің алғашқы бестігі өзгермеді - бұл Brexit-ке қарамастан бірінші орында тұрған Лондон, Нью-Йорк, Сингапур, Гонконг және Токио. 

Фото: Владислав Шатило

Соңғы жаңалықтар