Қаржы министрлігінің қазынашылық жүйесінде кадрлық өзгеріс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып Әлия Байгенжина тағайындалды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың тағайындау туралы бұйрығына 2018 жылдың 12 қаңтарында қол қойылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Байгенжина 1977 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 1998 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп, инвестициялар және табиғи ресурстар бөлімінің экономисі болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Қаржы министрлігінің департаменттерінде лауазымды қызметтер атқарған.

Ол осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау және ішкі басқару департаментін басқарды.

«Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар