Қаржы министрлігі жекешелендіру жұмыстарындағы кемшіліктерді сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі 2016-2020 жылдарға құрылған Кешенді жекешелендіру жоспарының орындалуында бірқатар тәртіп бұзушылықтар бар екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуықта өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа жекешелендіру тәртібін бұзғандар туралы мәліметті көпшілікке жариялау туралы тапсырма берген.

ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, сауда өткізу шаралары барысында тәртіп бұзушылық Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, ШҚО және Алматы облыстарында «Есіл», «Ақтөбе», «Тараз», «Шымкент» және «Астана» ӘКК-лерінде тіркелген.

Ведомствоның мәліметінше, 12 нысан бойынша сату алды дайындық және бағалау жұмыстары созылып кеткен. Бес нысан мемлекеттік үлесті бөлшектеу жолымен сатылған. «Қазір министрлік қалған нысандардың мемлекеттік үлестерін мәжбүрлеп сату жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады министрлік.

Жекешелендіру жұмыстарында тәртіп бұзу жағдайлары байқалған нысандар мыналар: «Тобыл футбол клубы» ЖШС, «Алматы қаласы мамандандырылған салт-жоралғылық қызметтер комбинаты» ЖШС,  «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ және басқа да нысандар.

Соңғы жаңалықтар