Қаржы министрі Елбасының криптовалюта құру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық криптовалюта құру туралы ұсынысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Халықаралық криптовалюта құру туралы мәселе, әрине, өте күрделі жұмыс. Бұл жұмыс ең алдымен әр елдің қаржылық жүйелеріне өте мығым түрде серіктесе жұмыс атқаруды талап етеді. Мәселен, ЕАЭО елдері аясында қаржыны үйлестіру жөнінде сұрақ көтеріліп жүргенімен, бұл үшін өте үлкен дайындық керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемдік дәрежеде криптовалюта құрудың негізі  халықаралық қаржылық жүйенің тұрақтылығында. Өкінішке қарай, 2008 жылдан бері дағдарыстың бірнеше толқынын өткеріп келеміз. Бұл жағдайға қаржылық жүйенің мінсіз болмауы себеп болып тұрғаны белгілі. Криптовалюта құру туралы бастама жиі өзіне назар аудартып отыр,  дейді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр өз сөзінде бұл сұрақ өте үлкен талқылауды қажет ететінін атап өтті.

«Қазақстан мұнай тәуелділігінен құтылғысы келіп отыр. Мұнай бағасының тұрақсыздығы біздің және көршілес елдің валюталарына қалай әсер етіп жатқанын көріп отырсыздар. Экономиканың тұрақты өсімін міндеттеген тапсырмаларды есепке алсақ, мұндай валюталардың құрылуы тұрақты әрі сенімді өсімге қосымша қызмет ету мүмкін», - деді қаржы министрі.

Айта кетейік, Астанада ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр. Онда министр 2016 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, онлайн жүйеде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беруде.

Соңғы жаңалықтар