Қарызға қарбыз берген ақтөбелік ақшасын қайтара алмай жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік тұрғын өсіммен ақша табу мақсатында қарызға 1 тонна қарбыз алып, оны сатқаннан кейін тауар иесіне ақшасын бермеген. Енді қарызға қарбыз берген кәсіпкер ақшасын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 41 жастағы азамат 1 тонна қарбызды жас жігітке қарызға берген. Алдымен сатып, кейін ақшасын беруге келіскен ол уәдесінде тұрмай, кездесуден қашып келген. Бір шешімге келе алмаған соң кәсіпкер полицияға шағымданды.

«Қарбызды сатып жіберген 23 жастағы жігіт ақшаны қайтаруға асығар емес. Қарыз берген тұрғын арыз жазып, күдіктінің тұрғылықты жері анықталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Қылмыстық іс бірыңғай реестрге тіркелді. Соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер оның кінәсі толық дәлелденсе 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады. 

Соңғы жаңалықтар