Қарумен ұсталған жігітті прокурор 4 жылға соттауды сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №2 Бостандық аудандық сотында прокурор  Дәурен Әлеуханды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

«Дәурен Әлеухановты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімімен қару, (жарылғыш заттарды сақтау, ұстау, тапсыру, сату, тасымалдау) 346-бабының 1-бөлімі (көлік айдау құқығы жоқ адамның көлікті айдауы, арақ, есірткі заттарына мас адамға көлікті тапсыру) бойынша айыбы толық дәлелденді. Сол себепті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімімен оны 4 жыл бас бостандығынан, 346-бабының 1-бөлімі бойынша 3 жылға көлік айдау құқығынан айырып,  300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды сұраймын.

ҚР ҚК 58-бабына сәйкес Әлеухановты түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Ержан Сержанов.

23 жастағы жігіт пен оның танысы Марлен Шалабаев 2017 жылы қарашада арнайы операция барысында ұсталған болатын.

Кейін Марлен Шалабаев кінәсі дәлелденбеген соң босатылған еді.

Екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан.

Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленген еді. Арнайы операция кезінде зақымдалған Toyota Land Cruiser 100 көлігі де ұсталғандардың біріне тиесілі болып шыққан.

Істі Бостандық ауданының судьясы Жанат Бекжанов қарап жатыр.

Бүгін сотта судья іс материалдарымен  таныстырды.

Белгілі болғандай,  полиция көлікті тоқтату үшін 8 рет оқ атып тоқтатқан.

Алдыңғы сот отырысында аға лейтенант Айдос Жансерікұлы операция қалай өткенін айтып берді.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда ол есірткіге мас болғанын, көлікті құжатсыз айдағанын мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар