Қару тапсырған СҚО тұрғындарына 10 млн теңгеден астам сыйақы беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген қаруларды ерікті түрде тапсыру акциясы аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар тапсырған қарудың негізгі бөлігі екінші санатқа жатқызылды, олар пайдалануға жарамды, бірақ бастапқы түр-түсінен айрылған қарулар. Солтүстікқазақстандықтар ондай қарудың 170-ін тапсырды.

Бірінші санатқа жататын 17 жаңа қару жиналды. Барлығы 181 өтініш негізінде 214 дана қару және 1549 оқ тапсырылды.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, аң аулауға қызығатын туған-туыстарынан қалған естелік қаруды сақтау 25 АЕК көлемінде айыппұл салуға негіз болады. Ал егер өз еркімен әкеліп тапсырса, жазаға тартылмайды», - дейді СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Алексей Белов.

Акция 10 сәуірде басталған. Тұрғындардың қолындағы қаруды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 10 миллион теңге қаржы бөлінді. Солтүстікқазақстандықтар тапсырған қарудың төлемақысы одан жарты миллионға көп. СҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер қосымша қаржы бөлініп, сыйақылар толығымен берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар