Қарттарға арналған «балабақша» - Қарағанды облысының үздік әлеуметтік жобасы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында республикалық көрмеге жолдама алған үздік әлеуметтік жобалар анықталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Облыстық көрмеге аудандар мен өңір қалаларынан келген 18 әлеуметтік жоба қойылды. Оның арасынан комиссия IV республикалық көрмеге қатысатын бес жобаны таңдап алды», - деді облыстық басқармадан.

«Кредо» қоғамдық бірлестігінің «Мен жалғыз емеспін» жобасы медициналық-әлеуметтік және психологиялық жәрдемге мұқтаж аға буын өкілдеріне бағытталған. Қоғам белсенділері ата-әжелер тіл табысатын қарттарға арналған «балабақша» ашты.

«Үміт нұры» қорының «Ешқашан ешқашан деме» жобасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың қоғамда бейімделуіне көмектеседі.

Тағы екі жоба жас жанұялар мен қиындыққа тап болған әйелдерге көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен бірге, жекеменшік медицина саласында да жобалар таныстырылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылдың қазан айында осымен төртінші рет үздік әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар