Қарлы далада қайнаған 1000 қазан - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

****

Моңғолиядағы қандасымыз ауыр атлетикадан ел чемпионы атанды - KAZNEWS

null

Апта басын Моңғолиядағы қандастарымыз жағымды жаңалықпен бастады. Ақпанның 3-4 күндері жасөспірімдер арасында өткен ауыр атлетикадан Моңғолия біріншілігінде қандасымыз Алтынбек Молбайұлы алтын еншіледі. kaznews.mn сайтының мәліметінше, Баян-Өлгей спортшылары бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде алған. Айта кетерлігі, үшеуі де қазақ баласы. Ел біріншілігіне барлығы 190 спортшы бақ сынап, жасөспірімдер арасынан мемлекеттік 16 рекорд жаңартылған.
Молбайұлы Алтынбек 50 келі салмақта қос сайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ол жұлқи көтеру бойынша 55 келіні, серпе көтеруде 77 келіні көтерген.

null
Ал, +69 келі салмақта Тілек Ерболұлы күміс жүлдеге қол жеткізсе, 56 келіде Қызыр Біржанұлы қола медаль еншіледі. Қыздар арасындағы сайыста Арай Талғатқызы 53 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Баян-Өлгей Өлкелік ауыр атлеттерді Талғат Мұхаметқалиұлы есімді қандасымыз жаттықтырады.

****
Анкарада Айтматов көрмесі ашылды- TRT
null

Әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай Түркияның бас қаласында «Шыңғыс Айтматовтың әлемі Анкарада» атты сурет көрмесі ашылды. Сонымен бірге атақты жазушы жөнінде түсірілген фильм көрсетілді. Бұл туралы Түркия Радио Теледидар порталы жазады.
Көрмеге Қырғызстанның 20 суретшісінің 46 туындысы қойылған. Салтанатты жиынға Президенттің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хүсейін Яйман, Қырғызстан Мәдениет, Информация және Туризм министрінің орынбасары Айнура Темірбекова мен Қырғызстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елгісі Ибрагим Жүнісов қатысты.
Президенттің бас кеңесшісі Топчу өз сөзінде Шыңғыс Айтматовтың түрік әлемі үшін маңызына тоқталып, «Айтматовтың «Жәмила» романын оқыған Анадолының әрбір азаматы оның әлемдегі ең тамаша махаббат хикаясы екенін жақсы біледі» деп атап өткен.
Салтанатты жиынға арнайы келіп,  осында сөз сөйлеген әйгілі жазушының ұлы Асқар Айтматов  әкесінің Түркияны екінші үйі деп білгенін айтты.
«Қырғыздар қайда барса оларды барша таниды. Себебі олардың бір төлқұжаты бар, ол - Айтматов», -дейді  Қырғыз Респбуликасының  Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ибрагим Жүнісов.

***
Қазақстанда рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынып жатыр - Fars ақпарат агенттігі

null

Отбасындағы аналардың орнын нығайту мақсатында Қазақстанда «Аналарға тағзым» атты рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынып жатыр. Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Аналарға тағзым» атты рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынбақ.
Аталмыш орталықтың жұмысының негізгі мақсаты - қазақтың танымал әйелдерінің өмірлері мен құнды жұмыстарын таныстырып, отбасында әйелдің орнын күшейту, болашақ аналарды қазақтың әдет-ғұрыптары негізінде тәрбиелеу.

***
  
1215 тонна Қазақстан бидайы Қытайдың Ляньюньган портына жетті - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null

Қазақстан бидайы Қытайдың Ляньюньган порты арқылы шетелге экспортталады. Бұл туралы People Daily сайты хабарлады.
5 ақпан күні 1215 тонна Қазақстан бидайын тиеген арнайы астық таситын жүк пойыздары Ляньюньган портына жеткен. Бұл бидай Лиянюнган портынан теңіз жолы арқылы Ветнамға жөнелтілмек.
«Алдағы екі айда, шамамен Қазақстан бидайын тиеген 4 жүк пойызы Лиянюнган порты арқылы теңізге шығады. Бұл Қазақстан теміржолы мен Қытай теміржолының қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Қытай тарапы темір жол тарифін 30 пайызға жеңілдетті. Бұл Қазақстан астығының өзіндік құнын едәуір төмендетіп отыр», деп жазады дереккөз.
Еске сала кетейік, өткен жылы алғашқы  720 тонна Қазақстан астығы Ляньюньган портынан Вьетнамның Хошимин портына жөнелтілген еді.
Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірі саналады.

***
  
180 метрлік айдаһармен көктем мерекесін қарсы алды -  Тянь-Шань порталы
null

Қытайдың көктем мерекесіне орай, Малазияның  Куала-Лумпур қаласында ел ерекше айдаһар биін тамашалады.
Тянь-Шань порталының мәліметінше,  99 адамнан құралған бишілер тобы бір мезетте, көше бойында 180 метрлік ұзындықтағы LED шырағы асылған айдаһар биін билеген.
Айта кетейік, 16 ақпан, Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесін тойлайды. Қытай жаңа жылы - Чуньцзе, яғни "көктем мерекесі" деп аталады.

***
Қазақстан түркі тектес елдері мен көршілерінен басып озды - TRT

null

2018 жылдың Экономикалық еркіндік бойынша халықаралық рейтингінде Қазақстан 41-ші орыннан көрінді. Бұл туралы Түркия Радио Теледидар порталы хабарлады.
АҚШ-тың The Heritage Foundation фонды тарапынан жыл сайын жарияланатын Жаһандық Экономикалық еркіндік индексінің қорытындысы шықты. 2018 жылдың зерттеу нәтижелеріне қарағанда,  Қазақстан Орталық Азия аймағы және түркі әлемі ішінде бірінші орында тұр.
Қазақстан экономикасы өткен жылы осы тізімде 42-ші орында болатын.
186 елдің деректерінен қалыптастырылған зерттеудің нәтижесіне қарағанда,  Қазақстан 41, Түркия 58, Әзербайжан 67,  Қырғызстан 78, Өзбекстан 152-ші орында. Түрікменстан өзіне 169-шы кезектен орын тапты.
«Осы қорытындыға қарағанда өткен жылмен салыстырғанда, сот ықпалы, еңбек нарығының икемділігі және инвестиция еркіндігі индекстерінде жетістікке жеткен Қазақстан салық жүгі және меншік индекстерінде әлсіреп тұр», - деп жазады дереккөз.

***
Қазақстан Елшісі қытай халқына «көктем» мерекесіне орай сәлем жолдады - «Халық газеті»
null

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев көктем мерекесінің келуіне байланысты қытай халқына мерекелік сәлем жолдады.
Елшінің құттықтауы Қытайдың «Халық газеті» сайтында жарияланды. Онда Шахрат Нұрышев Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері барлық саладағы байланыстың тереңдеп, екі елдің сан ғасырлық дәстүрлі достық қарым -қатынасының нығайып келе жатқанын атап өткен.
«2017 жыл екі ел қарым-қатынасының даму тарихындағы ерекше жылға айналды. Мамыр айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапармен келді және Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Ал маусым айында  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты»,-делінген құттықтауда.

Сонымен бірге Елші Қытай елінің гүлденіп, одан әрі дамуын, Жаңа жылда әр отбасына табыс, денсаулық бақыт тілейтінін айтқан.

***
Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының саммиті  Қазақстанда өтеді - Fars ақпарат агенттігі
null


Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта Каспий теңізі жағалауындағы елдердің басшыларының бесінші отырысын өткізу мәлесетін талқылады.
Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қайрат Әбдірахманов пен Сергей Лавров 2017 жылдың желтоқсан айының 4-5 күндері өткен Каспий теңізі жағалауындағы елдердің СІМ-нің отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес басшылар деңгейіндегі бесінші отырысқа әзірлік жасау туралы пікір алмасты.
«Лавров сонымен қатар ИИР-ның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелер, соның ішінде Каспий теңізі басшыларының алдағы отырысына әзірлік туралы кеңесті.Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау ағымдағы жылы Қазақстанның бас қаласы Астанада басшылар деңгейінде өтетін  отырыстың негізгі тақырыбы болмақ», деп жазады дереккөз.
Бұдан бұрын Ресей президентінің Каспий теңізі жағалауындағы елдермен ынтымақтастық жасау ісі бойынша арнайы өкілі Рамазан Абдулатипов отырыстың 2018 жылдың наурыз айының соңында өтуі мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.

***
Қарлы далада қайнаған 1000 қазан - СNR (Қытайдың «Орталық халық радиосы»)


null

Ал Қытайдағы қандастарымыз қысқы табиғаттың қызығынан ләззат алуда. Ақпанның 3-4 күндері Шынжаңның Іле аймағына қарасты Нарат халқаралық шаңғы алаңында «қар-мұз мәдениет» мерекесі өткізілді.
«Жер ұйығы Нараттағы қысқы әуен» тақырыбымен өткен «қар-мұз мәдениет» мерекесінің бұрынғы жылдарға қарағанда бір өзгешелігі ақ қардың үстінде мың адамның самауыр қазаннан дала тағамын жеуі болды», деп жазады Қытай «Орталық халық радиосының» ресми сайты.
Ұлттық салт-сана мәдениеті мен қар-мұз тақырбы ұштастырылып, түрлі мәдени қимылдар арқылы жер-жерден келген саяхатшыларға жер ұйығы көркем Іленің табиғаты мен мәдениетін таныстырды.
Екі күнге созылған шарада, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар, қыран бүркіт баптаған саятшылық өнері, соғым мәдениеті секілді көрнекті шаралардан тыс, қарлы далада тамақтану, қарлы далаға түнеу секілді қызықты қимылдар өткізілген.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар