Қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз қандай әрекет жасау керек - СҚО ТЖД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстіктің қысы қауіпті, құбылмалы. Қатты аяз, көктайғақ, дауыл, бұрқасын мен борандар халыққа қиыншылық тудырып, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуникация обьектілерге шынайы қауіп төндіреді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов 2015-2016 жж қыстың оқиғаларын талдай отырып, ҚР ІІМ ТЖК сайтында боран кезінде жолда қалып қойған жүргізушілерге қатысты кеңестерімен бөліскен.

«Былтырғы қыс аймақтың басым бөлігінде боранымен, қардың көптігімен, бұрқасын және көктайғақ, аязымен, 25 м/с дейінгі екпінді желімен есте қалды. Осы кезеңде 71 қауіпті және 3 апаттық ауа райының гидрометеорологиялық құбылыс болды», дейді СҚО ТЖД басшысы.

Павел Филипповтың айтуынша, СҚО аумағында көлік қозғалысы қарқынды ұзақтығы біршама жолдар торабы өтеді. Сондықтан олар барлығынан көп зардап шекті. Бірнеше тәулікке дейін тоқтамаған бұрқасын мен борандарда  күртік қар басып, көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына қауіп төнді. Қарашадан бастап наурыз айына шейінгі аралықта республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда 306 рет қар басып, 4500 артық адам мен 1 939 көлік қар құрсауында қалды. Тәуліктің кез келген уақытына қарамастан әр жағдай бойынша жедел шаралар қабылданды. Жолдар тазартылып, адамдардың зардап шегуіне жол берілмеді.

ТЖД аудандық әкімдік және жол ұйымдарымен бірлесіп автокөлікті жөндеуде тәжірибелік көмек көрсетіп, түрлі себептерге байланысты тоқтауға мәжбүр болған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларын жылыту пунктеріне орналастырды.

Бұл кезеңде ТЖД басқарма органдарына «Казгидромет» РМК дауылды ескертулері бойынша уақытылы құлақтандыру жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдарымен бірге ТЖ нәтижелерін төмендету бойынша қажетті шаралар қабылданды. Барлығы 23 дауылды ескертулер берілді, облыс халқы алдын ала бұқаралық ақпарат құралдары мен ұялы байланыс операторлары арқылы SMS хабарламалары таратумен құлақтандырылды. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін берілген шарттарда сапарға шығудан бас тарту ұсынылды. Алайда халықтың жартысы дерлік ұсыныстарға құлақ салмады. Салдарынан - қауіпсіздік ережелерін елемегендер үшін, оларды құтқарудағы жүздеген және мыңдаған сағаттық жұмыстар жасалып, бюджетке материалдық шығыны келтірілді.

Ауа райы болжамдары бойынша қазіргі қыс маусымы да әртүрлі «тосынсыйлармен» молаятын болады. Осыған байланысты табиғи да, техногендік те ТЖ алдын алу, басқару органдарының, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық шағын жүйенің күштерінің, облыстың тіршілік әрекетінің обьектілерінің қыс маусымындағы жұмыстарға дайындығы бойынша ықпалды шаралар қабылданады. Атқарылған шараларға сәйкес, тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері мен жүйелерінде қыс маусымындағы жұмыстарға дайындалу бойынша жұмыстар уақытында аяқталғанын атап айтқан жөн.

Жолдарды тазарту және төтенше жағдайларды жою үшін даярлыққа 700 бірлік қар жинау және мамандырылған техника келтірілді, алғашқы  қажеттілік заттары мен дәрі-дәрімек, ыстық тамақпен адамдарды уақытша орналастыруды қамтамасыз етудің 285 жылыту пункті дайындалды. Республикалық маңызы бар жолдарда 73 бірлік техника, облыстық маңызы бар 110 бірлік техника дайындалды. Жергілікті маңыздағы қар басып қалатын автожолдарда 243 жылыту пункті және жедел әрекеттерге 564 бірлік техника мөлшерінде күштер мен құралдар топтары анықталды.

Дегенмен біз үшін халықтың қыс маусымындағы қауіп-қатерді шынайы түсінуі маңызды. Қыс, әдеттегідей, мерекелерге бай, ал бұл уақытын төрт қабырғада өткізгісі келмейтін, ауыл және қала тұрғындарының мобилділігіне әсер етеді. Сондықтан жақын және алыс жолға шығатындарға қауіпсіздік шараларын қабылдау артықтық етпейді.

Ең әуелі - синоптиктердің болжамдарын, ауа райының жағдайын ескеріп, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ТЖ қызметтерінің хабарламаларын назарға алу керек. Кейде іссапарларды кейінге қалдырудың да жөні бар. Сонда да алыс сапарға шығатын болсаңыз, әуелі автокөлігіңізді дайындап, көліктің барлық жүйелерінің техникалық жарамдылығын тексеру қажет.

Екіншіден, қай жаққа, немен және қашан шығып жететіңіз туралы жақындарыңыз бен үйдегілерге ескертіңіз. Мүмкіндігінше сіз баратын жақтың адамдарына да хабарлаңыз. Ал белгіленген пунктке жеткеннен кейін үйдегілерге хабар беріңіз. Оқыс оқиғалар жағдайда олар сізді іздеу және құтқару шараларын қабылдайтыны сөзсіз. Егер сізде болжалды маршрутта сенімді жұмыс істей алатын, байланыс құралы болса, оны өзіңізбен бірге алыңыз.

Үшіншіден, жылы киініп, ыстық шай немесе кофе құйылған термосты, бірнеше балауыш майшам (ойластырып жасалған ауаны жаңарту жүйесі кезінде бұл жылыту құралы бірнеше сағат өшіп қалған көлік салонын жылытуға қабілетті) алыңыз. Медициналық қобдиша сияқты маңызды затты алуды да қаперден шығармаңыз. Әрине қауіпсіздіктің басты талаптары арқансыз, күрексіз, дәнекерлейтін шам (паяльная лампа) мен қажетті жанармайсыз жолға шығуға болмады.

Ал егерде қар құрсауында қалып жатсаңыз үрейге бой алдырмаңыз. Ондаған жылдар бұрын, көптеген зардап шеккен адамдар өздерінің өмірлерін құтқара алған әрекеттердің нақты алгоритмі әзірленді.

Егер сіз қарлы боранды көлікте өткерсеңіз, оның капотын жел жаққа қаратып қойыңыз, барынша жылы оранып, әлсін әлсін (жанармайды үнемдеу үшін) салондағы ауаны жылытыңыз. Сізді тез байқау үшін, түрлі түсті мата байланған (ұзын таяқша, антенна) сырықты сыртқа шығарыңыз. Қар басып қалған көлікте қаншалықты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Мотордың жұмыс істеуі кезінде шығатын және бірте-бірте салонда жиналатын, пайдаланған газ сізді сұрапыл аяздан да тез өлтіреді. Ал қолайсыз күн райында жақын маңдағы елді мекенге барамын деу де өзін-өзі өлтірумен тең. Қараңғында бағыттан жаңылу, межелеген жерге жете алмай адасып кету немесе мерт болуға оңай. Тіпті, егер сізге қауырт іс бойынша көліктен ұзау керек болса, оған өзіңізді ұзын шарф немесе баумен байлаңыз. Қатты аяз кезінде ең бастысы салонда немесе автокөліктің кабинасын жылы ұстау керек және болған жағдайды байланыс құралдары немесе жолда кетіп бара жатқандар арқылы ТЖ және жол полицияларын хабарлау керек. Тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны әрқашан байланыста болады, сондықтан сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды, төтеншге жағдайды көмек көрсетілетін болады. Жақын жердегі елді мекенге бару қауіпті және амалсыз жағдайда ғана мүмкін.

«Жоғарыда сипатталған қауіпсіздік ережелері мен шаралары көп шығынды қажет етпейді. Олар қиын және орындалмайтын деп те айтуға да болмайды. Дегенмен оларды сақтап, сіз өз қауіпсіздігіңізге де, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың қауіпсіздігіне сенімді бола аласыз. Ал алдағы мерекелік күндерді қарсы алу сіз үшін төтенше жағдайлардың қара күндерімен есте қалмайды», - дейді Павел Филиппов.

 

Соңғы жаңалықтар