Қарқаралыда мүгедектерге арналған инновациялық оңалту орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарқаралыда осы жылы жаңа оңалту орталығы ашылады. Ол жайында Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин Аймақтық байланыс қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Орталық Қарқаралыда ашылады. Оның ең басты басымдылығы мүмкіндігі шектеулі жандардың психикалық тұрақтылығын жоғарылату бойынша әлеуметтік-медициналық көмекке бағытталатын болады.

Барлығы онда 64 науқас орналастырыла алады, оның 15-і арбаға таңылғандар болады. Оларға терапевтік, неврологиялық, ортопедиялық және травмотологиялық көмек көрсетіледі. Орталық үшін физиотерапевтік және механотерапевтік жабдықтар алынады, емдік дене шынықтыру және су процедураларын, саз ванналарын өткізетін, саунасы бар кабинеттер жасалады.

Оңалту орталығына жазылу осы жылдың басынан бастап ашылды. Әзірге оған 25 адам жазылған.

- Керемет кезек жоқ, - деді Максим Галиуллин. - Бағдарламаны түсіндіру аясында біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға осы оңалту орталығында ем ала алатындары туралы айтқан болатынбыз.

Орталыққа түсу үшін жеке оңалту бағдарламасын алу керек. Ол үшін Медико-санитарлық сараптамадан анықтама қажет, сондай-ақ дәрігер кеңесі мен әлеуметтік қорғау қызметінен анықтама алу керек. Оңалту курсы екі аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Науқастың дертіне байланысты анықталады.

Соңғы жаңалықтар