Қариялар Алматы метросында тегін жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қариялар Алматы метросында бір күн тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыметрополитен» МКК баспасөз қызметінен хабарлағандай, Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады. Қариялар зейнеткерлік құжаттары мен жеке куәліктерін алып жүруі тиіс.

Бұл күні метро қызметін 2 мыңға жуық қарт пайдаланады деген болжам бар.

Қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айдың басында басталған мерекелік шаралар Алматыда жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қарттар күніне орай мерекелік концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар