Кариб қоғамдастығына мүше 10 ел ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды

None
None
БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясының аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Кариб қоғамдастығының «КАРИКОМ» Бас хатшысы Ирвин Ла Рокпен кездесті.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша, тараптар 10 елдің ЭКСПО көрмесіне қатысатыны туралы келісімге қол қойды.

Кездесу барысында Жошыбаев мәртебелі мейманға көрмеге дайындық барысы туралы жан-жақты әңгімелеп берді және Ла Рокты 2017 жылдың басында халықаралық қатысушылар арасында өтетін жиынды көру үшін Астанаға шақырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

КАРИКОМ-ның Бас хатшысы «Болашақтың энергиясы» атты көрме тақырыбының басым көпшілігі дәстүрлі энергия көздерінің тапшылығын сезініп, баламалы энергия көздерін дамытуға ұмтылып отырған Кариб бассейні елдері үшін маңызды екендігін атап өтті.

null  

Соңғы жаңалықтар