Кәрі құрлықты А гепатиті алаңдатуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Еуропада А гепатитінің таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«А.Гепатиті Еуропада емес Америкада кеңінен таралуда. Әсіресе, Калифорния, Колорода штаттарында белең алып отыр.  Гепотит бойынша ең күрделі ахуал дәл осы Штаттарда байқалуда. Сондықтан да біздің туристеріміз бен іскерлік сапарға шығатын азаматтарымыз ең бірінші кезекте мұны есте сақтағаны жөн», - деді ол.

Оның дерегінше, бүгінде Еуропада қызылша ауруы асқына бастағаны байқалады.

«Бүгінгі күні Еуропада қызылша таралуда. Қазірде ол жақта 100 мыңнан астам оқиға тіркеліп, оның 30-дан астам қаза болды.  Мұны әсіресе екпе жасалмаған балалар мен жасөспірімдер барар болса есте сақтаған жөн. Жас адам бұл ауруға шалдыққаннан кейін 6-7 жылдан соң, ақыл-есінің кемістігі байқалуы мүмкін», - деді Бекшин.

Сонымен қатар ол кәрі құрлықта А-гепатимен аурудың асқына бастағандығын да жасырмады.

«Еуропада да деректер бар, А гепатитімен аурудың артып келе жатқаны байқалады. Ертеректе Германияда бұл ауру өте сирек кездесетін. Қазіргі уақытта Еуропада өкпе ауруы мен А.гепатиті мәселесі көтерілуде. Мұның барлығы да босқындар санының артуымен байланысты екендігі түсінікті», - деді Комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар