Қарғыс алма, алғыс ал - оңтүстікте «Қайырымдылық күні» өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында «Жан жылуы» акциясы ұйымдастырылып, жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында оңтүстікте басталған онкүндіктің екінші күні осылайша «Қайырымдылық күні» тақырыбында жалғасын тапты.

null 

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған акцияға этномәдени бірлестіктер де белсене атсалысты. Олар Төлеби ауданындағы №2 және Сайрам ауданындағы «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйінің, сондай-ақ  Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, ондағы тәрбиеленушілерге сыйлықтар тарту етті. Жеткіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және Алғыс айту күнінің мәнін ұғындыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырды. 

null 

«Қиын-қыстау кезеңде қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған түрлі этностардың бүгінгі ұрпақтары - біздердің қиыншылықта пана болған қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Қазақ халқының бауырмалдылығының арқасында өсіп-өндік. Ортақ отанымыздың өркендеуіне үлес қосуды парызым деп санап, қайырымдылық шараларына үнемі қатысып отырамын. Мұндай игі шаралар адамдардың арасын жақындатып, бірлікті нығайта түседі», - дейді облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов.

null 

Айта кетейік, ертең «Шабыт күні» аясында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» тақырыбында облысымыздың барлық аудан, қалаларында қолөнер бұйымдарының көрмелері, жалпы орта мектептер мен колледждерде шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, ОҚО-да биыл Алғыс айту күні он күн бойы аталып өтетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар