Қарғандыда жыл аяғына дейін патрон зауыты іске қосылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Осы жылы желтоқсанда Қарағандыда патрон зауытының құрылысы аяқталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында «Steel manufacturing» компаниясы патрон зауытының директоры Дәурен Арынов кәсіпорынды салу кезінде жерасты суы кедергі келтіріп, кестеден сәл кешігіңкіреп қалғанын айтты.

«Біраз мәселелер туындап, құрылыс жұмысы бәсеңсіген кездер болды, қазірде ол шешілді. Атап айтқанда, жерасты суы кедергі келтірді, негізгі цех пен ғимарат іргетасының конструкциясын өзгерту қажет болды, - деді Арынов. - Қазір барлық мәселелер шешілді, құрылыс кестеге сәйкес жүзеге асуда».

Патрон шығаратын зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағында салынуда. Кәсіпорынның қуатын - жылына 30 миллион данаға жеткізу жоспарлануда, қазақстандық әскердің сұранысына ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм және 9*19 мм калибрлі патрондар шығаратын болады.

Жоба құны - 20 миллиард теңгеден асады. Қазақстандық шикізат пайдаланылуда. Жез сияқты қорытпаны жылына кемі 300 тонна көлемінде өңірдің шағын мамандандырылған кәсіпорындарының жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақты есепке алып салық түрінде қазақстандық патрон зауыты жылына 680 млн теңгеден астам төлейді.

Соңғы жаңалықтар