Қарды уақытында тазаламаған Алматы кәсіпорындары 6,7 млн теңге төлейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаладағы қар мен көктайғақ мұздың уақытында тазаланбауынан Алматы учаскелік инспекторлары екі күнде қаланы абаттандыру ережесі бұзылған 808 фактіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 131-і түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігіне тиесілі. Оларға 6 миллион 744 мың 780 теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың бұл түрі үшін заңды тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. «Сонымен қатар, 1 100 ұйымға қаланы абаттандыру қағидаларын бұзбау туралы ескерту жасалды. Енді бұл міндеттемелердің орындалуын бірге бақылайтын боламыз.

Пәтер иелері кооперативтері төрағаларын өздеріне бөлінген аумақты ретке келтіруге, тұрғын алаптарын қар мен мұздан тазартуға шақырамыз. Осылайша, заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен азаматтардың жайлылығының алғышарттары құрылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, көптеген мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар маңайындағы аумақты тазарту шараларын жүргізбеген. Учаскелік полиция инспекторлары мен табиғатты қорғау полициясы күштері осындай рейдтік шаралар жүргізуді әлі де жалғастырады», - деп мәлімдеді Алматы қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы , полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Соңғы жаңалықтар