Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Қаражал қаласының әкімі ауысты

Қаражал қаласының әкімі ауысты
2017 жылғы 10 тамыз 23:42 862

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қаражал қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тілектес Досаев жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қаражал қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Шорманбаевқа еңбегі үшін алғыс білдірді. Ол бұл лауазымда бес жылға жуық уақыт тер төкті. Шорманбаев қай салаға және қандай қызметке ауысқандығы хабарланбады.

43 жастағы Досаев Тілектес Темірбекұлы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша жоғары екі білімге ие. Еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

 

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Тағайындау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер