Қаражал білім бөлімінің басшысы 5 млн теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қаражал білім бөлімінің басшысы бюджет қаржысын жымқырып, заңсыз ақша жинаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қаражал қалалық білім бөлімінің басшысы жүйелі түрде заңсыз ақша жинап, 4 млн 900 мың теңге бюджет қаржысын жымқырған. Қылмыстық істің өндірісі аяқталды», - деп хабарлады Қарағанды облысық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы Шаттық Өтеев.

Қаражал қалалық сотында түсіндіргендей, сотталушылар екеу болған - білім бөлімінің басшысы мен оның қол астындағы экономист.

Судья Венера Махабаева айыпталушыларды ҚР ҚК 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп тапты.

«Олардың әрқайсысы 5 жылға  бостандықтарын шектеп, сол мерзімге пробациялық бақылау жазасы тағайындалды. Оларға қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне ескертусіз мекенжайын ауыстыруға, түнгі уақытта көңіл көтеретін жерлерге баруға және қаладан шығуға болмайды», - деп хабарлады сотта.

Сотталушы сенімсіздік келтіргені үшін жұмыстан босатылып, мемлекеттік қызметтерде басшылық лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынды. 

Соңғы жаңалықтар