Қарақұм халқы мұз ерітіп ішіп отыр - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарақұм ауылы халқының ауыз судың бейнетін көргеніне жарты ғасырдан асқан. Тұрғындар жазда тіршілік нәрін 60 шақырым жерден тасымалдайды. Ал қыста ел-жұрт көлге қатқан мұзды ерітіп ішеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарақұм ауылына орталықтандырылған су жүйесі тартылуда. Бірақ бір жылда аяқталуы тиіс жұмыстар екінші жылға созылды. Себебі жобалау барысында жол қашықтығы есептелмеген. Ал мердігер бұл жерге құрылыс материалдарын көлді айналып 3 облыс арқылы тасып шығындалған. Қазіргі таңда түзетулер енгізіліп, жетпей қалған қаржы қарастырылуда.

«2017 жылы 78 млн бөлініп толығымен игерілді. Қалған игерілмеген 25 млн теңгеге алдағы облыстық сессиясына ұсыныс еңгізілді. Қолдау тапқан жағдайда жұмыстар толығымен аяқталатын болады», деді облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Азамат Бейісбаев.
null 

Ал Қарақұм ауылы Балқаш көлінің батыс жағалауында, Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Мұндағы 60 гектар жер Алматы облысының Қаратал ауданына тиесілі. Бұл елді-мекенде  100-ге жуық түтін, 500-ден астам халық бар.
null 

«Біз суды тасып ішеміз. Жол арасы 60 шақырым. Қыста мұз қатқанда жолды қысқарту үшін Балқаш көлінің үстімен жүреміз. Ол жермен жүрсек 13 шақырым. Жазда суды тасымалдасақ, қыста Балқаш көліне қатқан мұзды ерітіп ішеміз. Тазасын алып,  үйге апарып ерітеміз. Дәмі таза, жақсы. Содан бері міне 60 жыл өтіпті», - дейді Қарақұм ауылының тұрғыны Жолжақсы Кәкенов.

null 

Соңғы жаңалықтар