Каракастағы Академия сарайын тонап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың астанасы Каракаста сенбі күні қылмыскерлер тобы Академия сарайын тонады. Бұл туралы Оңтүстік Америка елдері ғылым академиясының басшысы Джоконда Сан-Блас Twitter-дегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Каракастың орталығында орналасқан ғимаратта бірнеше академия, соның ішінде медицина, тарих, жаратылыстану және саяси ғылымдар академиясы бар.

«Қылмыскерлер академияға тиесілі компьютерлерді, проекторларды және тағы басқа дүниелерді ұрлаған», - деп жазады Сан-Блас, ұрлықшылардың кеңседегі барлық заттарды талқандап кеткенін қоса отырып.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп, айғақтар жинауда. Залалдың құны мен күдіктілер туралы ақпарат әзірге мәлімделмеді. 

Соңғы жаңалықтар