Қарағандының жұмыспен қамту орталығында тексерістен соң сырғыма баспалдақ орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту орталығында өткізілген тексерістің нәтижесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топтың отырысында мәлімделді. Кейбір кемшіліктер анықталған, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмыспен қамту орталығына пандустың жоқтығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар кіре алмайтыны белгілі болған. Стендтерде көрсетілетін қызметтер тізімі орналастырылмаған. Электронды кезек жоқ. Тексерушілер басқа да ескертпелер жасаған.

Тексеріс мамырда өткізілген болатын. Сол уақыттан бері қандай өзгерістер болғанын отырыс барысында Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Берекет Жайназаров мәлімдеді.

«Ғимаратқа кіреберісте біз сырғыма баспалдақ орнаттық, бірақ әзірге біздің маманды шақырту пернесі жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр, - деп хабарлады ол. - Электронды кезек қашан пайда болатынын қазір айта алмаймын, тапсырыс жеткізушілерімен қиындықтар туындап тұр. Мамырда құрылғыны орнату туралы байқау жарияладық, алайда оны жеңген компанияны сот алаяқ мемлекеттік сатып алуға қатысушы деп танылды. 15-ші қыркүйекте қайтадан байқау жарияладық. Барлығы соның нәтижесіне байланысты болады».

Оның айтуынша, электрондық кезекке арналған құрылғыны сатып алуға және орнатуға бюджеттен 5,2 млн теңге бөлінген екен. Тағы 536 мың теңгені Жұмыспен қамту орталығы жарнамалық роликтер дайындауға және ақпараттық стендтер орнатуға жұмсамақ.

Арнайы мониторинтік топтың мүшелері Жұмыспен қамту орталығының жетекшілерінен барлық олқылықтарды барынша жылдамырақ шешуді талап етті.

Соңғы жаңалықтар