Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 333.53
EUR 392.10
RUB 5.82
CNY 50.40

Қарағандының кейбір аудандарында бір тәулікке суық су тоқтатылады

Қарағандының кейбір аудандарында бір тәулікке суық су тоқтатылады
2017 жылғы 7 қазан 17:42 357

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда Қарағанды қаласының кейбір аудандарында бір тәулікке суық су тоқтатылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бұл Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Михайловка, «Восток-5» және «Көгілдір тоғандар» шағынауданы мен Ақтас ауылына қатысты. 

«Қарағанды Су» компаниясынан хабарлағандай, сейсенбі, 10 қазан күні су жіберу құбыры іске қосылады.

«Жұмыстар барысында ауыз суды беру тоқтатылады. Жұмыстар аяқталған соң су қайта беріледі, бірақ онда хлор мөлшері көп болады. 2017 жылдың 11 қазанында суды ішуге және тамаққа қосуға болмайды. Сондықтан екі тәулікке жетерлік су толтырып алуға кеңес береміз», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Қоғам, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер