Қарағандының кәріздік құрылымдары германиялық технологиямен жаңғыртылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - HST Systemtechnik GmbН&Co.KG атты германиялық фирма Қарағанды нарығына қызығушылық танытты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

 Бұл компания коммуналдық су шаруашылығы және ағын сулардан тазарту кәсіпорындары саласында түрлі гидротехникалық және ІТ-технологияларды өндіруші болып табылады.

Қарағандыға фирманың құрылтайшысы Вернер Бюкер келді. Бизнесмен «Қарағанды Су» ЖШС ауа жіберу стансасының (кәріздік тазарту құрылымдары) қызметімен танысты. Нәтижесінде компаниялар тазарту жүйелерін жаңғыртуға байланысты ұсыныстарды жетілдірумен келісті. Жаңа технологиялар бойынша жергілікті кәріздік тазарту құрылымдарын құру мүмкіндігі қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар