Қарағандының қала мен ауыл әкімдері сайлауға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 8-9-шы тамызда Қарағанды облысының аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері сайланады, деп хабарлайды әкімнің ресми сайты.

129 орынға барлығы 391 үміткер тіркелген. 

«8-ші тамызда ауылдық округ тұрғындары дауыс берсе, 9-шы тамызда қала тұрғындары әкімдерін сайлайды. Қарағанды облысында әкімдер 202 елді мекенде сайланатын болады. Алайда биылғы жылы сайлау 129 округте өтеді. Бұл 2014-ші жылдан бері қайта сайлау жүргізілмеген елді мекендер», - деп мәлімеді Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова. 

Тұрғындарға үміткерлерді аудан әкімдері жергілікті халықпен өтетін жиналыс барысында таныстырулары тиіс. Әкім лауазымына үміткерлер жасы 25-тен жоғары Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-ші бабына сай белсенді сайлау құқығына ие, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңындағы талаптарға сай келетін, жоғары білім бар және сәйкес облыс аумағында тұратын азаматтар бола алады. 

Бүгінгі таңда біздің облысымызда тіркелген және сайлау алдындағы насихат жүргізуді бастап кеткен үмірткерлер саны 391. Бұл орташа есеппен алғанда бір орынға 3 адам дегенді білдіреді. Жергілікті бюджеттен әр үміткерге 66500 теңгеден бөлінген. Бұл сомаға насихат жұмыстары, көлік шығындары және БАҚ жарияланымдары кіреді. 

Сайлау 8-ші тамызда 120 ауылдық аудандарда және 9-шы тамызда 9 аудандық маңызы бар қалаларда өтеді.

Соңғы жаңалықтар