Қарағандының ең әдемі аруы анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Абылай хан атындағы Алматы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің екінші курс студенті Екатерина Дворецкая «Қарағанды аруы 2017» атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазылар алқасы 20 қатысушының арасынан ақылы мен көркі келіскен ару ретінде 19 жастағы қарағандылық Екатерина Дворецкаяны таныды.

Байқау ұйымдастырушысы - «Art line» модельдік агенттігі.

Қатысушылар әлеуметтік желі арқылы іздестірілді. Инстаграмда #хочустатьмисскараганда2017 хэштегімен байқау жарияланды. Қыздар киім үлгілерін көрсетіп, фотокамера алдында жұмыс істей білу қабілеттерін, білімдерін паш етті. Финалда бақ таластырған арулар кешкі көйлектермен, қымбат ішіктермен сахнаға шығып, хореографиялық таланттарын көрсетті. Әділ қазылар алқасының құрамында 2004 жылғы Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов, «X Factor» музыкалық жобасының жеңімпазы Абдулкәрім Каримов, «Қазақстан аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Қырбасова, фотограф Алексей Баранов, «Қазақстан аруы 2015» жеңімпазы Рената Нұрғазина болды. Қазылар алқасының төрағасы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Совет Сейітов болды.

Сән байқауының нәтижесінде Надежда Холостякова «Көрермен көзайымы» аталымында жеңімпаз болды. Үшінші вице-мисс - Диана Рустамбекова, екінші вице-мисс - Кристина Гусева, бірінші вице-мисс - Махаббат Түктібаева.

Жеңімпаз атанған Екатерина Дворецкая байқау тәжі мен 500 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар