Қарағандының барлық мектептерінде 23-ші қаңтарда сабақ болмайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні Қарағандының жалпы білім беру мектептерінің барлығындағы бірінші және екінші ауысымдағы 0-ден 11-ге дейінгі сыныптарға сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, облыс орталығындағы барлық мектептер 23-ші қаңтар күні жабылады. Үскіріз аязға байланысты педагогтар демалысқа шығуға мәжбүр.

«23-ші қаңтарда ауа температурасы -34-35 градусқа дейін төмендейді. 1-2 ауысымда оқитын 0-11 сыныптарға сабақ болмайды»,-делінген Қарағанды қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Сабақтың тоқтатылуы туралы тапсырма Қарағанды облысының өзге де аймақтарына қатысты.

Соңғы жаңалықтар