Қарағандылықтарды 10 теңгеге қымбаттап кеткен жол билеттері таңғалдыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды тұрғындарын қоғамдық көлікте беріліп жатқан номиналы 90 теңгелік билеттер таңғалдыруда. Жолаушылардың айтуынша, аталған билеттер қаладағы №43 және №53 автобустарда берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еkaragandaсайтына сілтеме жасап.

Осы мәселеге байланысты Қарағандыдағы үшінші автобус паркінің өкілдері пікір білдірді. Олар билеттегі 90 теңге деген жазу баспаханадан кеткен қателік екендігін түсіндірді.

«Билет бастыратын баспаханадағы станоктан бір қате кеткен болуы керек. Мүлдем билетсіз қалмау үшін, қате болса да оларды алуға мәжбүр болдық. Бұйрық арқылы 90-ды 80-ге түзеттік»,-дейді автопарк басшысы Артур Григорян.

Сонымен қатар оның айтуынша, автобус кондукторлары халықтан билетте көрсетілген  90 теңгені талап етіп жатқан жоқ.

«80 теңге номиналды билетіміз болмағандықтан, 90 теңгелік номиналды билетті сатуға мәжбүр болдық. Бұл уақытша дүние, алдағы күндері баспаханада жаңа билеттер басылып шығады»,-деді А.Григорян.

Мекеме директоры баспаханадан 90 теңге номиналды 2 млн дана билет алынғанын айтты. Сондықтан қарағандылықтар бір апта бойы 90 теңгелік жол жүру билеттерін алатын болады.

null  

Соңғы жаңалықтар