Қарағандылықтар «мейірімсіз» болып шықты - эксперимент

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері мен еріктілер қала орталығында жасанды жол апатын ұйымдастырып, қарағандылықтардың қайырымдылығын тексеріп көрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Эксперимент қорытындысы бойынша соғылған «Мерседестің» ішіндегі қан-жоса болған адамдарды көрген жүргізушілердің көбі ұялы телефондарын алып видеоға түсірген, кейбіреулері оқиғаны байқамаған сыңайда өте берген.

«Біз халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай  қозғалыстарының Қарағанды қаласындағы филиалдары қызметкерлерімен бірлесіп қарағандылықтар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете алады деген сауалға жауап іздеп көрдік. Алайда, кейбір көлік иелері әлеуметтік желілерде жариялау үшін оқиғаны камерасына түсіріп алуға асықты. Басқалары көрмегендей өте берді. Алғашқы медициналық жәрдем алғашқы 15 минутта керек. Жүргізушілер автомектептерде  міндетті түрде алғашқы  көмек көрсету курстарынан өтеді, алайда ешкім жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шешім қабылдай қойған жоқ», - деп мәлім етті Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Еріктілер бас жарақатын, көгергенін, тіпті аяқтың ашық сынығын ұқсатып жасады. Жасанды апат қаланың ең қозғалысы көп  бөлігі - Бұқар Жырау даңғылында жасалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысында 576 жол көлігі оқиғасы болып, 120 адам қаза тапқан, 773-і түрлі дәрежеде жарақат алған. 

Соңғы жаңалықтар